СӨЗДЕН ІСКЕ КӨШЕТІН КЕЗ КЕЛДІ
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел тілегін ескере отырып, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа өзгеріс енгізді. Өткен жылдың қазан айында бекітілген латын әліпбиінде бірқатар кемшіліктер анықталды. Тіпті бір сөздің өзінде 7 ноқат пайда болды. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында мемлекет басшысы бұл мәселені халық арасында талқылауға қайта жіберген болатын. Бүгін соның нәтижесін көріп отырғандаймыз. Өзгертілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінде